Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы бас мүфти Хазрет Ержан қажы Малғажыұлы биылғы жылды «Дін және Дәстүр» жылы деп атап, ораза айт мерекесін алғаш рет мешітімзде үлкен деңгейде атап өтілді. Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасмен мешіт алаңына қазақтың қасиетті киіз үй тігілді. Айт намазынан соң, келген жамағатқа арнайы ас берілді. Мешіт төңірегінде қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды. Атап айтқанда, тоғыз құмалақ, арқан тарту, асық ойнау сынды сайыстар ұйымдастырылды. Демеушілеріміз ойынға қатысқан жас балаларға арнайы сыйлықтар үлестірді.
Пікірлер