Қадір түнінің қарсаңында мешітімізге қалталы азаматтар келіп жағдайы төмен отбасыларға көмектесетіндігін жеткізіп, қала тұрғындарын аралап қайтты. 40 шақты жағдайы төмен отбасылар мен мүгедек жандардың жағдайын сұрап, азық-түлік пен үйге қажетті заттарын үлестіріп берді. Сонымен қатар, мешіт асханасында Саран қаласының әкімі Мұхтар Ермекбайұлының ұйымдастыруымен 100 адамға ауызашар берілді. Келген жамағатты қала әкімі, мәслихат хатшысы ораза айымен құттықтады. Ауызашардан соң жамағат мешіт намазханасына жиналды. Мешіттің наиб имамдары Қасиетті түнді Алла Тағалаға құлшылық жасау, намаз, Құран оқу, шариғат үйрену, үйрету, уағыз айту және тыңдау, тәсбі тарту, діни кітаптар оқу, діни фильмдер көру ләзім екенін түсіндірді. Сағат тілі 1-ден аса мешіттің имамдары жамағат арасында викториналық сұрақтар ойнатылды. Мұқаметқали қажы уағыз айтып таң намазын күллі жамағатпен бірге оқыды.Таңға жақын 300 адамға сәресі ұйымдастырылып, жамағатқа Мұқаметқали қажы ақ батасын берді.
Пікірлер