Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы жылды «Дін мен Дәстүр» жылы деп жариялаған болатын. Қарағанды облыстық орталық мешітінде Айт мерекесіне орай алғаш рет Дін мен Дәстүрдің сабақтастығын көрсетуге арналаған игі бастамамен арнайы іс-шара өткізгелі жатырмыз.
Шілде айының 28-і күні, таңғы сағат 6:30-да Ораза айт намазы оқылғаннан соң мешіт алаңында киіз үй тігіліп, белгілі өнер иелері жыр-термелер орындайды. Сонымен қатар қазақша күрес, арқан тарту, найза лақтыру, асық ату және садақ ату сынды ұлттық ойындарымыз өткізіледі. Барша жамағатты дүбірлі додаға қатысуға шақырамыз. (Асық атуға қатысатын ойыншыларымыз өздерінің асықтарын ала келуіне болады.) Сондай-ақ қатысушыларға мешітіміздің тарапынан жүлделі орындар мен сыйлықтар беріледі.
Келіңіздер, АҒАЙЫН!
Пікірлер