Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қадір түні атап өтілді
25 шілде, 2014 жыл 109 Басып шығару нұсқасы

Қадір түні атап өтілдіКөптен күткен Қадір түні қаламызда жоғары деңгейде атап өтілді. Иә, бұл күні жер бетіне құран түскен күн. Бұл күні салауат көп айтылған сайын мұсылман қауымы Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) жақындай түседі. Сәрсенбінің сәтті күні «Нұр» мешітінде мешіт жамағатының ұйымдастыруымен ауызы берік, ораза тұтқан кісілерге дастархан жайылып, ас берілді. Қасиетті Қадір түнінде орталық мешітке келіп, Аллаға құлшылық етіп, уағыз тыңдаушылардың санында шек болмады.


Титтей жеті жастағы бүлдіршіндерге дейін Қадір түнінде үлкендердің қатарында Аллаға сыйынып, тарауық намазына қатысты. Мешіт асханасына жиналғандардың басым көпшілігі жастар болды. Қасиетті қадір түніне мекеме басшылары да, халық депутаттары да келіп, мешітке келушілердің көптігіне ырза болды. Ақ жауылықты аналар да, мұсылманша киінген қазақтың қара көз ару қыздары да қасиетті түнде қол жайып, Жаратқан Иемізден Отанымыздың, сан ұлтты өз қанатында тату – бірлікке бастап, бейбіт, жарқын өмір сыйлап жатқан еліміз, күллі отбасы үшін дұға – тілек бағыштады.
Ақ дастархан басына жиналған барша мұсылман бауырларымызға қаламыздың бас имамы Қоныскерей Құмарұлы уағыз айтып, жүректерге имандылық дәнін септі. Қадір түнінің ерекшелігін, пайғамбарымыздың өнегелі өсиеттерін тілге тиек етіп, адамгершілік, жақсылық, тағы басқа ізгі қасиеттер жайлы түсініктер берді. Ең маңыздысы, жастарға иман жолынан адаспауға, өзгеге қиянат жасамауға, Отанымыздың гүлденуіне барынша атсалысуға шақырды. Алланың сүйікті пендесі болу үшін құран шариғаттарын орындау, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, сауапты іс жасау – әрбір мұсылманның парызы екенін ұғындырды.
Ораза ұстағандарға ас беріліп, уағыз айтылып болған соң жиналған жамағаттың арасында жасы 86 - ға жеткен, көпті көрген, ауызы дуалы ақсақал Болтан Қаппас ақ батасын берді.Тарауық намазынан соң ғибадатханаға жиналған жұртшылыққа мешіттің наиб имамы Әсет Ибраев уағыз айтуды жалғастырып, дұға – тілектердің маңызы жайында түсініктер беріп, Пайғамбарамызға (с.ғ.с.) салауаттар айтып, жамағат арасында Ислам дінінің шариғаттарынан сайыс ұйымдастырып, оның жеңімпаздарын сыйлықтады. Өз білік, білімімен көпшіліктің жүрегіне өнегелі із қалдырған қаламыздың қадірменді ақсақалы Тельман Қайырсқаққа сағат табыс етілді.
Тылсымы мол Қадір түнінде Алла тағалаға, пайғамбарымызға жүрігімен, тілімен салауат айтқан мұсылман жұртшылығының арасында осындай қызықты сайыс таңға дейін жалғасын тапты.


А.Тұржанов





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары