Алла Тағала адам баласын тек қана өзіне құлшылық етсін деп жаратқаны хақ. Сондықтан мұсылмандар күнделікті өмірлерін құлшылықпен өткізуге тырысады. Олай болса, мың айдан қайырлы бұл түнде түрлі құлшылықтар жасап, нәпіл және қаза намаздарын өтеп, Құран оқып, тәубә етіп, кешірім тілеп, өзіміз және басқалар үшін дұға жасауға болады. Алла елшісі (с.ғ.с) «Кімде кім Қадір түннің артықшылығына сеніп, Жаратушы Иеден сауап үміт етіп, құлшылықпен өткізсе, оның өткен күнәлары кешіріледі», - деген.
Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітіне қасиетті Қадір түнін күтуге жиналған жамағаттан Аллаға шүкір мешітіміз лық толды. Сөз басы мешіттің бас имамы Нуров Махмуд қажы Нұрұлының құттықтауымен басталды. Бас имам «Қадір түнінің қасиеті» жайлы уағыз айта келе, Қадір түнінде қандай дұғалар жасау керектігін, ғибадаттың ең абзалы тыңдаушы жамағатқа түсіндіре кетті. Ары қарай имамдарымыз басқада ауқымды тақырыптарда уағыздар айтып, жамағатпен нәпіл намаздарын оқыды.
Сондай-ақ Қасиетті Қадір түнінде Қарағанды облыстық өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы келіп ғибратты уағыздар айтып, жамағатты жылына бір рет қана келетін қадір түнімен құттықтады. Демеушілердің көмегімен таң атқанша мың адамға ас берілді. Жамағат таң намазын оқып, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын деген ізі тілекпен тарасты.
Пікірлер