Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Алматыдағы Қадір түні: есте қалған екі оқиға
24 шілде, 2014 жыл 120 Басып шығару нұсқасы

Рамазан айының 26-сынан 27-сіне қараған Қадір түні Алматы қаласының Орталық мешітіне мұсылман қауымы жиналды. Мешітте ине шаншар жер жоқ. Жасы да, кәрісі де, осы түні мешітке ағылды.


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрғасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жиналған жамағат пен барша халықты қасиетті Қадір түнімен құттықтады.


«Мешітте емін-еркін құлшылық етуіміз, осындай мол нығметке бөленуіміз – Алланың қалауыман ауызбіршілігіміздің арқасы. Бірлік болса – дініміз өркендейді, қоғамда тыныштық орнаса – жақсылықтар мен игіліктерге бөленеміз. Рамазан – мейірім, кешірім айы. Бір-бірімізге мейірімді бола білейік, бауырлар. Қадір түнінің әрбір минутын жақсылықпен өткізейік. Алла тағала дұға-тілектерімізді қабыл еткей! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Әрбір отбасына бақыт, береке тілеймін!» – деді.


Алматылық жамағат Қадір түніне дайындықты ауызашардан-ақ бастап кетті. Қадір кешіне жиналғандар биылғы жылы күннің ұзақтығы мен ыстық болғанына қарамастан, парыздарын қиналмастан өткізіп жатқандарын айтады. Биыл бірінші рет ораза ұстаған 27 жастағы Махамбет есімді жігіт Қадір түнінде таңғы сәресіге дейін көз ілмей отырғанын айтты. «Бұрын әр нәрсені сылтау етіп ораза ұстамаушы едім, бірақ ауыз бекіткеннен кейін оның еш қиындығы жоқ екенін сездім. Енді намаз оқып, құлшылық етуге ниеттеніп жүрмін», – дейді ол.


Бірінші оқиға: зейнеткерлікке шыққан 72 жастағы Мәнен қария әлі күнге дейін ораза ұстайды. «Ораза ұстап келе жатқаныма 18 жыл болды. Ауыз бекіткен сайын ерекше қуат аламын, бойымда сергектік пайда болады. Кезінде Кеңес Одағы тұсында бүгінгі күндегідей ораза ұстап, имандылықты насихаттау мүмкін болмады. Ал қазір мешітке келген жастарды көріп, көңіл қуанады», – деді бізге ізгі ниетін жеткізген ақсақал.


Мешітте бас имам Нұрбек Есмағанбет Қадір түнінің қасиеті мен қадірі жайлы уағыз айтты. Сондай-ақ, жиналған жамағатқа Қасиетті түннің әр сәтін тиімді пайдалану қажеттілігі айтылып, мешіт ауласындағы үлкен экраннан «Асыл арна» телеарнасынан тікелей эфирде берілген бейне фильмдер мен бағдарламалар көрсетілді.


Екінші оқиға: Алматы Орталық мешітіне жиналғандардың басым бөлігі жастар. Мешітке, оның ауласына сыймаған халық көше бойлап уағыз тыңдап, бірі кітап оқып жатты.


[gallery link="file" columns="4" ids="8409,8410,8411,8412,8413,8414,8415"]

www.muftyat.kz





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары