Мұсылман қауымының көптен асыға күтетін қадір кешінен күтері көп. Өйткені, бұл кеште сансыз періштелер Алланың рұқсатымен жер бетіне сәлем жеткізеді. Сондықтан осындай кештің қадірін арттырып, оны ықыласпен күтудің сауабы мол. Осы кештің құрметіне №1-мешіттің бас имамы Орманбет қажы Болатұлы «Қадір түні қайырымдылықпен есік қақ» тақырыбымен тағы да қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Бұл жолы мешіт қызметкерлері қамқорлыққа мұқтаж жанұяларға арнайы зиярат жасап, қадір кешін шариғат талаптарына сай өткізу турасында түсіндірме жасай отырып, мешіт атынан азық-түліктер тарту етті. Отыз отбасына бөлініп барған наиб имамдар қасиетті кешті қадірлеп өткізуге тілектестіктерін білдіріп, әрбір отбасында дұға тілеп шықты.
Пікірлер