Таяуда Шахтинск қаласына қарасты Шахан елді-мекенінде келелі кездесу өтті. Шараның мақсаты, Шахан кентінің жергілікті тұрғындарына терроризм және экстремизм сияқты келеңсіз жайттардың алдын алу. Сонымен қатар өзекті мәселеге бей-жай қарамайтын кезең екені айтылды. Қазір Ислам дініне бет бұрушы жандар Аллаға шүкір артып келе жатқан кезде, дұрыс жол нұсқаудың алар орны ерекше. Ислам дінінің экстремизмге және терроризмге үш қайнаса сорпасы қосылмайтындығын, әрі түбегейлі оған қарсы екендігін жеткізу. Бұл шараға арнайы Шахтинск қаласы «Нұр» мешітінің наиб имамы Ә.Ибраев, мешіт азаншысы Н.Байкешев, Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімінен А.Сайды және християн діни бірлестігінің өкілідері қатысты. Жиын соңынан Шахан кентінің әкімі М.Жакупов тұрғындарды Рамазан айымен құттықтап, елдің амандығын тіледі.
Пікірлер