Ұлық болған қасиетті рамазан айындағы қадір кешінің қарсаңында Қарағанды облыстық мешітінің тарапынан қайырымдылық іс-шара атқарылды. Өкіл имам Өмірзақ қажының сауапты істерді жетілдіру бағытындағы тапсырмасын басшылыққа алған облыстағы «Зекет» қорының басшысы Бабағалиев Базарбай өзінің дәстүрлі ісін жалғастырды. Көпбалалы отбасылар мен қамқорлыққа мұқтаж он отбасына азық-түлікпен көмек көрсетілді. Қанатын кеңге жайған зекет қоры осындай қайырымды істерін қаладан тыс жердегі жанұяларға да көрсетуді жолға қойған. Соның қатарында Саран қаласының тұрғыны да зекет қорынан қажетті көмегін алды. Өзінің қайырымдылық шараларын кезегімен атқарып келе жатқан «Зекет» қоры алдағы күндері сауапты шараларды жалғастыра беретін болады.
Пікірлер