Қазіргі таңда халық арасында діни нанымдарымызбен салт-дәстүрлерімізге үйлеспейтін әр түрлі ұстанымдар, діни жат ағымдар көбеймесе азаймай тұр. Осы мәселеге орай Балқаш қаласында 21 шілде күні «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының филиалында жастармен келелі кездесу өтті. Кездесуге Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, дінтанушы Рүстем Сыздықов және Балқаш қалалық мешітінің бас имамы Асылхан қажы Түсүпбеков қатысты. Жиын барысында теріс ағымдардың ара-жігін түсіндіріп, уағыз-насихат айтып, жат ағымдардан сақтану туралы Ислам дінінің бейбітшілікті, тұрақтылықты уағыздайтын дін екендігін түсіндірді. Барлық қала, ауыл тұрғындары еліміздегі тұрақтылық пен тыныштықты сақтауға ат салысуымыз керек екені айтылды. Сонымен қатар кездесу барысынды АК 159/21 түзету мекемесінде жазасын өтеуші бауырларымызбен кездесіп, жат ағымның кесірі, қоғамға тиер зияны жайлы ата отырып, қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді.
Хақ Тағала баршамызды өзіне сүйікті құл, хазірет Мұхамметке (с.а.у.) шынайы үмбет болуды нәсіп еткей!
Пікірлер