Қасиетті Рамазан айындағы қайырымы мол істердің бірі Алла үйінде Құран Хатым оқу және тыңдау. Жылдағы дәстүр бойынша мешітімізде Құран Хатым оқу үрдісі аяқталды. Оқырмандарға Құранды Хатым ету мағынасын түсіндіре өтсек, «Хатым» сөзі - сөздікті аяқтау яғни Құран кәрімді бастан- аяқ оқып шығу мағынасында. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде Әбу Нуаймға өсиет еткен «Құранды оқыған және тыңдағандардың дұғасы қабыл болады»
Рамазан айының бірінші күнінен басталған Құран Хатымның оқылуы жиырма күн бойы жалғасты. Үлкен сауаптан үмітті мешіт шәкірттері «Нұр Мүбәрәк» Ислам мәдениеті университетінің студенті Нұрбол Сұмағұлов пен «Қырғыз-Түрік» Манас университетінің студенті Бақытжан Бақыткелді Құран Хатымды кезектесіп үзбей оқыды. Күніне бір сағаттан аса оқыған Құран Хатымның оқылымына мешітке келіп жүрген ақ жаулықты аналарымыз жиырма күн бойы тыңдады.
Пікірлер