Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Сарбаздармен жүздесу
22 шілде, 2014 жыл 72 Басып шығару нұсқасы

Асыл дінімізді дұрыс түсінбей, өзге ағымдарды үгіттеп жүргендерге тұсау қою мүмкін болмай тұр. Алайда Алла жолында жүрген мешіт имамдары барынша Ислам дінінің ақ жолы жайында түсіндіріп келеді. Таяуда Октябрь ауданындағы әскери училищеде «Ислам - экрестремизмге қарсы» атты тақырыпта кездесу өтті. Жиынның мақсаты, Еліміздің тыныштығын күзетіп жүрген сарбаздарға өзге ағымдардың шырмауына түсіп қалмауын түсіндіру. Жас сарбаздар дініміздің құнды қасиеттері жайлы мағлұмат алып, көкейтесті сауалдарына нақты жауап алды. «Бала қажы» мешітінің бас имамы Нұров Махмұд қажы жастарымызға теріс ағымның экстремизмге итермелеп, терроризмге апаратын іс-әрекеттері мен көзқарастарынан сақтану жолдарын кеңінен әңгімелеп берді. Сонымен қатар жиынға әкімшілік аппараты мен ардагерлеріміз қатысты.


[gallery link="file" columns="2" ids="8323,8324"]


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары