Айлардың сұлтаны рамазан айы - қасиетті Құран Кәрімнің түсуімен ерек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өзінің бір хадисінде былай деген: «Сендердің ең абзалдарың Құранды үйренгендерің және үйреткендерің». Әрбір мұсылман Құранды түп нұсқадан оқу парыз. Және бір хадисінде жүрегінде құраннан аяты болмаған адам қаңырап құлағалы тұрған үй секілді деген. Сол үшінде күллі мұсылман құранды үйреніп, түйсіне түсуі қажет бұл айда.
Таяуда Шет ауданы Жанқұтты би мешітінің бас имамы Берік Алпысбайұлы ауданаралық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Шет ауданының төңірегінде тұратын жас шәкірттер арасында жарыс ұйымдастырды. Құран жайлы ілімдерін ортаға сала отырып ұйымдастырушылардың үш тапсырмасын орындады. Қатысушылар Құранды жүзінен оқу және оқылған бетте кездескен тажуид ережелерін түсіндіру сынды тапсырмалар алды. Сонымен қатар ұнатқан сүресін жатқа оқып берді. Бас қазы Шет ауданының бас имамы Берік Алпысбайұлы болса көмекші қазылар алқасында Павлодар медресесінің 3 курс шәкірті Асыл Рысбай және Нұр-Астана медресесінің 3 курс шәкірті Естай Әбдіғали болды.
Жарыстың бірінші айналымында А.Тоғанбай, Б.Ахметов, М.Ербекеев, Н.Жарасбай атты шәкірттер алға шықты. Кіл жүйріктерді анықтау үшін тағы бір айналым өткізліп қорытындысы жариялады. Ынталандыру сыйлығын Жұмыскер ауылынан келген 3-ші сынып оқушысы Е.Минкаевке берілді. Шет ауданының шәкірті Б.Ахметов мен Жезқазған қаласының тумасы Н.Жараспайға үшінші орын берілді. Ал екінші жүлделі орын Шет ауданының тумасы М.Ербекеев қанжығасына байлады. Додадан оқ бойы оза шапқан А.Тоғанбайға бас жүлдені табыстады. Дүркіреп өткен дүбірлі дода соңында Құран оқылып, бас имам Берік Алпысбайұлы шәкірттердің жолына ақ батасын берді.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) мұсылман үмметіне «өзара жақсылықта жарысуларын» құп деп біліп үнемі жақсылықта жарысуларына жол көрсетіп бұйырып отырған. Бұл жарыстың да негізгі мақсаты жас шәкірттерді жігерлендіре отырып Құранға исламға деген ұмтылыстарын шыңдай түсу керек-ақ.
Пікірлер