Пәкстанның астанасы Исламабадта 400 жылдық тарихы бар Құран қолжазбалары сақталған. Олардың арғысы 400 жылдан бері қарай келе жатса, бергісі ХІХ ғасырдың туындысы.
Садия Джавед отбасына тиесілі қасиетті Құранның шағын қолжазба нұсқалары өте бағалы деседі. Оның ішінде алтынмен апталып, күміспен күптелген, қымбат тастармен, жақұтпен көмкерілген Құран да бар. Шамамен 2х3,5 см болатын екі кішкене Құран қымбат тастар-мен әшекейленген. Коллекция арасындағы ең көзге түсетін Құран көлемі бір еліден аспайтын алтынмен оюланып, ХІІІ ғасырдағы Дели әмірлігіне тән каллиграфиямен жазылған Құран. Енді бірі арабша-парсыша нұсқа. Ол 250 жыл бұрын жарыққа шыққан. Бұдан бөлек аталған отбасы араб, парсы тіліндегі ескі қолжазбаларға бай болып шыққан. Сарапшы-зерттеушілер пікіріне жүгінсек, бұл дүниелер әлемнің мен деген мұражайының атағына атақ үстейтін құндылық.
Жолдасбек Дуанбай
Пікірлер