Шахтинск қаласының әкімшілігі мешіт асханасына құрбан шалып, ауыз бекіткен жамағатқа ауыз ашар ұйымдастырды. Ақшам намазынан соң, түрлі тақырыптарда уағыздар айтылып, оразаның әрбір күнгі қасиеттері жайында әңгіме өрбіді. Шахтинск қалалық мешітінің бас имамы Хумар Коникерей қала әкімшілігіне алғысын білдіре отырып жиналған бауырларға дұға-тілектерінің қабыл болуын тіледі.
Пікірлер