Бүгінде түрлі ағымдардың көбейіп кеткеніне ел алаңдаулы. Дін жайында әңгіме қозғалса күмәнданып отырытындарыда жоқ емес. Осындай көлеңкелі ойларды сейілту үшін Бұқар жырау аудандық әкімшілігінің үлкен залында ауданға қарасты ауыл әкімдері мен ведомства басшыларының қатысуымен жиын өтті. Жиынды жүргізген аудан әкімінің орынбасары Ерлан Бейсенбайұлы келген қонақтарды таныстырып, сондай-ақ ауданға арнайы келген Қарағанды облысы дін істері басқармасының Қарағанды облысы конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығының директоры Нығыман Жандос Әшімұлын таныстырды. Алғаш сөз алған Жандос Әшімұлы қазіргі таңда қоғам арасында іріткі салып жүрген өзге ағымдар жайында кеңінен түсіндіріп өтті. Сондай-ақ жиынға қатысқан тұрғындардың көкейкесті мәселелеріне тұшымды жауап берді. Ал ауданның ішкі саясат бөлімі басшысы С. А . Колоскова өз баяндамасын оқып діни ақуалға тоқталды. Екі сағаттан асқан жиынды аудан әкімінің орынбасары Ерлан Бейсенбайұлы қорытындылады.Осы күні ауданға арнайы келген Жандос Әшімұлы Петровка ауылына өтіп жергілікті халықпен жүздесті.
Пікірлер