Бас имам Орманбет қажының ұйымдастыруымен №1-мешіттегі ауызашарлар кезегімен атқарылып, оған демеушілік танытатындар саны артып отыр. Олардың арасында сауаптан үмітті кәсіпкерлер мен қажы апалар да бар. Соның нәтижесінде ораза айының соңына дейін мешіт асханасында күнделікті кешкі дастархан әзірленіп, ақшам намазынан соң жамағат бір атаның баласындай бірге тамақтануда. Ас ішу уақытында түрлі тақырыптарда уағыздар үзілмей айтылып, оразаның әрбір күнгі қасиеттері насихатталып отырады. Дұға тілектің шүбәсіз қабыл болатын уақыты ауызашар мезгілде жамағат болып, елге амандық, жерге береке тіленіп жатыр.
Пікірлер