Қарағанды қаласындағы қарттар үйіне №1-мешіт ұжымы қарияларымыздың қал-жағдайын білуге және қамқорлық көрсету ниетімен барып қайтты. «Адам қартайғанда бір бала болады» дегендей, ақ самайлы аталарымыз бен ақ жаулықты аналарымызға бір мезет көңіл бөлудің өзі олардың жабырқау сәттеріне аз болсада демеу болары анық. Осы мақсатта наиб имам Бақдәулет Қыдырбайұлы қарттарымыздың халін сұрап, сұхбаттасып Бас имам Орманбет қажының атынан рамазан айымен құттықтап, сәлемін жолдады. Сонымен қатар азық-түлік тарту етіп бірге Рамазан айының қасиеттері жайында әңгімелесті. Қарттарымыз Алла үйінің имамдарына рухани және материалдық жағынан жиі көмектесетініне аса ризалықтарын білдірді.
Пікірлер