Рамазан айында жүзеге асып жатқан игі іс-шаралар үздіксіз жалғасып келеді. Қарағанды облыстық орталық мешіттің наиб имамы Серік Құрманов «Қамқор-Локомотив» Қарағанды локомотивті жөндеу жұмысы мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Ілкімді шарада айлардың сұлтаны қасиетті Рамазан жайында уағыздар көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар дінімізге жат діни ағымдардан сақ болу керектігі жайында ақпараттар айтылды.
Дайындаған: Азамат Серікхан
Пікірлер