Қасиетті Рамзан айының құрметіне Шахтинск қаласы «Нұр»мешітінде Құран хатым оқылып, Рамазан айының 10-шы жұлдызында аяқталды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде келгендей: Кімде-кім хатым оқыса, 60 мың періште сол адамның күнәларына истиғфар тілейді демекші, мешіт қызметкерлерімен алқа мүшелері арнайы құрбан шалып, ораза ұстаған үлкенді-кішілі қонақтар шақырылып, хатым дұғасы жасалды. Пайғамбарымыздың(с.ғ.с.) хадисінде: Жәннат ананың аяқ астында демекші, Құранды хатым қылған Есенбек бауырымыздай баланы тәбиелеп, өсіргендері үшін ата-анасына мешітіміздің бас имамы Хумар Қоныскерей арнайы алғысын білдіріп, сый-сыяпат табыстады.
Пікірлер