Шет ауданының әкімі Әбдикеров Рысқали Қалиәкбарұлы 10-ші шілде күні мешіт асханасынан ораза ұстап, ауыз бекіткен барша аудан тұрғындары мен мешіт жамағаттарына ауызашар берді. «Жанқұтты би» мешітінің бас имамы Б.Алпысбайұлы жиналған жамағатқа ауыз ашардың мол сауабы мен оразаның қасиеттері туралы уағыз айтты. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Кәмел Жүністегі аудан әкіміне ризалығын білдіріп, ислам дініне әсіресе жастардың бетбұрысы жылдан-жылға артып келтінін тілге тиек етті. Сонымен қатар ауызашардың сауабын түсінген иманды жандардың да көбейуі көңілге қуаныш ұялатады деді. Мешіт асханасында ауызашар күнделікті жалғасуда.
Шілденің 11-ші жұлдызында кәсіпкер Мұсаханов Рахметолла мешіт асханасынан, мекеме басшылыры, зиалы қауым өкілдері, журналистер және аудан ақсақалдары мен ауыз бекіткен мешіт жамағаттарын жинап ауыз ашар берді. «Жанқұтты би» мешітінің Бас имамы Б.Алпысбайұлы «ораза сабыр мен молшылық айы, сабырдың сыйы болса жәннат» деп ораза туралы уағыз айтып, ауызашар жасап жатқан азаматқа ниетің қабыл болсын деген жылы лебізін білдірді. Соңынан ақсақалдар батасын беріп, Алла тағала жақсылықта басымызды қоса берсін деген тілектерін білдіріп ризашылықпен тарқасты.
Пікірлер