Алла иманды тек таңдаулы құлына ғана сыйлайды. Бүгінде Аллаға шүкір Ислам дініне бет бұрушылардың саны күн санап артып келеді. Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Аида, Дима, Лена есімді орыс жанұясы Ислам дінінің ақиқаттығына көз жеткізіп, Ислам дінін қабылдайтындықтарын білдіріп мешітімізге келді. Бұл жанұя негізі мешіт қасындағы үйлердің бірінде тұрады. Әрдайым мешіттегі айтылып жатқан сөздер бізге жақын болды, тіпті кейбірін жаттапта алдық дейді.
Осындай ағынан жарылып келген жандарды «Бала қажы» мешітінің Бас имамы Нуров Махмуд қажы Нұрұлы қуана қарсы алып, әрбіріне кәлима-шаһадатты айтқызып, ислам дінінің рухани құндылықтарын түсіндіріп, ақ тілегін білдірді.
Пікірлер