Алла тағала "Бақара" сүресінің 185 аятында: "Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, бекем тұтынатын жолбасшы, ақ пен қараны айырушы ретінде Құран түсірген ай",- деген. Қасиетті Рамазан айында Құран түскені баршамызға белгілі. Алла тағаланың бұл қасиетті кәләмі яғни Құран Кәрім 30 парадан, 114 сүреден тұрады. Рамазан айы басталғалы әрбір мұсылман Тарауих намазына тұрып, Аллаға құлшылық етеді. Көптеген мешіттерде Құран хатым түсіріліп жатады. Сондай бақыт Балқаш қалалық мешітінде түсірілуде. Рамазан айының бірінші күнінен бастап оқылған Құран хатымды өзбек бауырларымыз түсіруде. Қасиетті айда мешіт асханасында ауызашарлар ұйымдастырылып, демеушілердің көмегімен ораза ұстаған мұсылман бауырларға ауызашар берілуде. Ауызашарға қала басшылары, жазушылар, БАҚ өкілдері, кәсіпкерлер, ардагер қариялар, Рамазанның бірінші күнінен бастап асханаға қайырымды істерімен үлес қосып, ауызашар жасаушы бауырларымызға Алла тағала разы болсын дейміз. Алла тағала Тарауих намаздарымыз бен оқылған Құран хатымды қабыл етіп көптеп сауап жазып, елімізге, отанымызға бірлік, тыныштық орнатсын!
Әр бір үйге бақ-береке нәсіп еткей! Әмин
Пікірлер