Бұхар Жырау ауданы «Жыржыс қажы» мешітінің Бас имамы Аманбол қажы Рымқұлұлының шақыруымен ауданға хатым түсіруге келген жас қариларды қаланың көрікті жерлерімен таныстыру мақсатында облыстық орталық мешіттен бастап, ЗОО-бақ пен орталық саябаққа серуендеуге апарып, қонақжайлылық құрмет көрсетті. Қос имам А.Мукаев пен Үштөбе ауылының имамы А.Тукитаев қариларға есте қаларлықтай сый жасады. Демалыс соңында сыйлы қонақтарды өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы қабылдап, қарилардың жағдайымен танысып, қариларға ырзашылығын білдіріп, келешекте де бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Пікірлер