Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Абай ауданының имамы «5 арнада» насихат айтты
25 мамыр, 2023 жыл 140 Басып шығару нұсқасы

  Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінің имамы Асхат Қанайұлы  жергілікті «5 арна» телеарнасында «Тағдырға разылық таныту» тақырыбында насихат  айтты.

«Мұсылман баласының міндеті тағдырына разы болып, Алла Тағаладан жақсылық күту және дұға ету. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Тағдырға иман әртүрлі қайғы мен қасіретті жеңілдетеді», – деген.

Алланың сүйікті құлы болу, оның разылығын алу – баршамыздың арманымыз. Олай болса, Алланың тағдырына разы болып, шүкіршілік етуіміз керек. Алла Тағала бізді тағдырына разы болған, Өзінің разылығына ие болған құлдарының қатарынан етсін!»,-деді студия қонағы насихат барысында.

Сонымен қатар, «Дін мен дәстүр» тақырыбы аясында қазақ отбасыларына қажетті тәрибие-танымдық ақпараттармен бөлісіп, ата-дәстүр салтымыздың құндылықтарынан хабар берді.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары