«Дін мен дәстүр» тақырыбы аясында Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен мешіт шәкірттеріне «Қолөнер – ұлттық мұра» атты рухани шығармашылық шара ұйымдастырылды.
Шараға «Қарағанды облысы қолөнершілер орталығының» басшысы Кулумбетова Перизат, қолөнер шебері әрі ұлттық ою-өрнекті насихаттаушы Төлеубаева Қамаш апай және қазіргі заманауи шелкографика саласының маманы Искакова Гүлім ханым қонақ болды.
Қазақтың көнеден келе жатқан ұлттық ою-өрнектерін бойжеткен қыздарға насихаттау мақсатында жүзеге асқан шара барысында кеш қонақтары қолөнердің маңыздылығы және ою-өрнектердің түрлерінен арнайы дәріс жүргізді. Сондай-ақ, арнайы әзірлеп алып келген туындыларымен бөлісіп, олардың жасалу жолынан сабақ өткізді. Әр-түрлі ою-өрнек түрлерімен танысқан әйелдер жамағаты өз қабілеттерін шыңдап, ұлттық нақыштағы киім үлгілерін жасады.
Халқымыздың құндылығы жоғары өнерімен сусындаған әйел-қыздар жамағаты осындай игі әрі пайдалы шараны өткізген мешіт ұстазына және кеш қонақтарына шексіз ризашылықтарын білдірді.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер