Қарағанды облысы, Абай аудандық мешітінің имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен аймақтық музейде студенттермен кездесу өтті.
Шарада аймақ жастарына жат ағымның алдын-алуға қатысты мәселелер талқыланып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, дін мен дәстүрдің құндылығы насихатталды. Құран оқылып, аймақ имамы болашақ маман иелеріне батасын берді.
ҚМДБ-Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер