Қарағанды облысына қарасты Шет ауданы, Ақжал кентінің тұрғындары аймақтағы құрғақшылықтың алдын-алу мақсатынды Алладан жаңбыр тілеп, тасаттық берді. Шарада ауылдың шаруа қожалықтары және Ақжал кенті тұрғындары бірігіп "Истисқа" яғни тасаттық берді. Жаңбыр тілеп, дұға жасалып, намаз оқылды. Ірі қара мен қойдың етін әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға үлестірді.
ҚМДБ-Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер