Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ұлы Отан соғысының құрбандарына дұға бағышталды
10 мамыр, 2023 жыл 131 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен шейіт болған ата-баба рухына арнайы Құран бағышталып, дұға жасалды.

 Мешітке жиналған жамағат алдында мешіт наиб имамы Отан үшін бақилық болған бабаларымызға Алладан кеңшілік, рақым тіледі. «Бірлігіміз, татулығымыз, тұрақтылығымыз баянды болсын! Алла Тағала халқымызға бірлік берсін! Құдай Тағалам біздің халқымыздың әр кезеңде жүрер жолы, бағдаршамы, қоғамның рухани тірегі болған дінімізге қуат берсін. Кешегі зұлмат заманда, нәубет күндерде жазықсыз кеткен, құрбан болған бабаларымызды Алла Өзі рақымына алсын! Пайғамбарымыздың шапағатында болсын! Құдай Тағала енді біздің ұлтымыздың, халқымыздың болашағын ондай нәубеттен сақтасын! Жарық күніміз баянды болсын! Ел аман, жұртымыз тыныш болсын!» деп еліміз бен жерімізге дұға тіледі.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары