Қарағанды облысы, Балқаш қалалық мешітінің имамы Нұрболат Сейілханұлы аймаққа қарасты елдімекендердің діни ахуалынан хабар алу мақсатында Приозерск қаласына ат басын бұрды.
Сапар барысында аймақ имамы Дәуіт Қожахметов ірге тасы қаланып жатқан құлшылық үйінің және өзі басқарып отырған мешіттің тыныс тіршілігінен хабар берді. Сондай-ақ, мешітті толықтай аралап, дін қызметкерлерінің жұмыс барысын пысықтап, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Аталмыш аймақтың қызмет барысына өзінің оң бағасын беріп, алдағы қызметтеріне сәттілік тілеп қайтты.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер