Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Бала қажы» мешітінде «Айт базарлығы» берілді
24 сәуір, 2023 жыл 189 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Нұров Махмұд Нұрұлының ұйымдастыруымен қасиетті ораза айт мерекесінің құрметіне орай «Айт базарлығы» атты рухани шара өтті.

Мешіт ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының мұрындық болуымен өткен шарада балаларға базарлық беріліп, сыйлықтар үлестірілді. Шара барысында балалар  айт мерекесіне құттықтаулар айтып, өлеңдерін оқыды.

Мешіт наиб имамы Қалмағанбетов Нұржан бүлдіршіндерді, ата аналарды айтпен құттықтап , уағыз айтты.

Сонымен қатар, пайғамбарымызға (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауаттар айтылды. 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары