Қарағанды облысы, Абай аудандық орталық мешітінде бастау алған ораза айт мейрамы қазақтың ұлттық ойындарымен жалғасты.
Аудан имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен өткен спорттық додада мешіт жамағаты кір тасын көтеру, арқан тартыс, қол күресі сынды ойындары бойынша бақ сынасты.
Сайыс тартысты өтіп, нәтижесінде жеңімпаздарға арнайы мадақтама мен қаржылай сертификаттар табысталды.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер