Қарағанды облысы, Абай ауданына қарасты Топар кенті «Жұмабек Тәшен» мешіті жамағаты қадір түнін қарсы алды.
Мешіт имамы Ақмағамбет Мурсали Қаленұлы берекелі кеште мешітке келген жамағатқа құттықтау лебізін білдіріп, уағыз айтты. Жамағат арасында сұрақ жауап ойыны ұйымдастырылды. Тарауық намазы оқылып, барша жамағат құлшылық уақытында Алла Тағаладан ел мен жердің амандығын сұрап, дұға жасады.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер