Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен бастау алған "Айтайық, Жарапазан елімізге" атты эстафетасы Қарағанды облысы, Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде жалғасын тапты. Мешіт имамы Бейбіт Бақытжанұлы бастаған топ жарапазан жырын айтып, ораза айымен құттықтап, халыққа қуаныш сыйлады. Игі дәстүрімізді жаңғырту мақсатында «Қазыбек би» және «Бала қажы» мешіттерінен қабыл алынған эстафетаны Әлихан Бөкейхан ауданы, «Төлеутай ата» мешітіне жолдады.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер