Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Әл Машани» мешіті қадір түнін қарсы алды
19 сәуір, 2023 жыл 86 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешіті қасиетті қадір түнін жоғары деңгейде атап өтті. Мешітке жиналған қауымды мешіт имамы Сайлау Жұмағұлұлы  қадір түнімен құттықтап, берекелі кештің қадір-қасиеті жайында әсерлі уағыз - насихатын айтты.

Кеш барысында викториналық сұрақтар қойып, жауап берген жандарға бағалы сыйлықтар берілді.Жиылған жұрт тарауық намазын оқып,  мешіт имамы Құран хатым дұғасын жасады. Осылайша жиналған жамағат қадірлі кешті уағыз тыңдаумен, ғибадатпен өткізді. Мешіт асханасында арнайы сәресі дастарханы жайылып, 3000 адам ауыз бекітті. 

Адамзатқа Құран Кәрімнің аяттары түсіріле бастаған қасиетті түні таң атқанша ғибадат жасаған жандар бір-біріне оқылған дұға-тілектері қабыл болуын айтып тарқасты.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары