Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Төлеутай ата» және «Әл Машани» мешіті ауызашарда бас қосты
10 сәуір, 2023 жыл 125 Басып шығару нұсқасы

    Қарағанды облысына қарасты Әлихан Бөкейхан ауданы, «Төлеутай ата» мешітінің имамы Серік Аманбайұлының ұйымдастыруымен қалалық «Әл Машани» мешітінің дін қызметкерлеріне ауызашар дастарханы жайылды.

Берекелі дастархан басында бас қосқан екі тарап рухани кемелдену айының төңірегінде әңгіме өрбітіп, уағыз-насихат тыңдасты. Шараға жергілікті «Төлеутай ата» мешітінің жамағаты мен қала тұрғындары да қатысып, ауызашар дастарханынан дәм татты. Шараның басты мақсаты дін қызметкерлері мен жамағаттың бірлігін нығайтып, ауызбіршілікке баулу.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары