Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Әл Машани» мешіті «Көршіңе қарайлас» акциясын ұйымдастырды
10 сәуір, 2023 жыл 115 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен «Көршіңе қарайлас» атты қайырымдылық акциясы жүзеге асып, бірнеше отбасыға «Рамазан сыйлығы» тарту етілді.

Асыл дініміз көрші ақысына құндылық ретінде қарайды. Халқымызда «туыс – атадан, көрші – Алладан», «құдайы көршім» дейтін сөздер мәдениетімізде, салт-дәстүрімізде көрші ақысының қаншалықты маңызды орын алатынын аңғартса керек.

Осы орайда мешіт дін қызметкерлері қалалық мешіттің жанындағы көршілес тұрғын үйлерге арнайы ат басын бұрып, шаңырақ мүшелерін рамазан айымен құттықтай барды. Оларға арнайы сыйлықтар беріліп, діни кітапшалар тарту етілді.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары