Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасына сәйкес Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешіті рамазан айның алғашқы күнінен бастап, күні бүгінге дейін аймақтағы 28 000 студентке «Ауызашар себетін» үлестірді.
Берекелі айдың құрметіне орай мешіт имамы Ысқақ Рахимбекұлының ұйымдастыруымен жүзеге асып жатқан шараға мешіттің дін қызметкерлері, жамағаты мен шәкірттері, және жомарт азаматтары ат салысуда. Күні бүгінге дейін шахардағы ҚарМУ-нің, Қарағанды медицина университеті, Қарағанды политехникалық университеті жатақханаларының студенттері қамтылды. «Мың теңгеге ауызашар» тақырыбы аясында жүзеге асып жатқан игі шара рамазан айының соңғы күндеріне дейін жалғаспақ.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер