Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағандыда Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
08 сәуір, 2023 жыл 1017 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде мемлекет басшысы   Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан дастархан жайылып, ауызашар берілді.

Оған шаһар басшысы Ермағанбет Бөлекпаев, облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған діни  қызметкерлері және зиялы қауым өкілдері қатысты. 

Сонымен қатар, ардагерлер, көп балалы аналар, этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері шақырылды.

Облыс басшысы  жамағатты мүбәрак Рамазан айымен құттықтап, ізгі тілек-лебізін білдірді. Ислам дінінің асыл құндылықтарын халыққа паш етуде діни басқарманың сүбелі жұмысы туралы пікірлерімен бөлісті. 

Ауызашар дастарханында Естай Айтуғанұлы жиналған жұртқа жүрекжарды тілегін айтып, мұсылман қауымының ұлық мерекесі - Рамазан айында игі де ізгі, сауапты амалдарды атқарудың маңыздылығына тоқталды. Бүгінгідей бейбіт заманның қадірін сезініп, Жаратушыға жақсы істермен жақындауға үндеді.

Сондай-ақ, берекелі ауызашарда бас қосқан зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері ізгі ниеттерін білдірді.


Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары