Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарқаралы ауданы әкімі жамағатқа ауызашар берді
07 сәуір, 2023 жыл 49 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының әкімі Құсайын Ерлан Бейсембайұлы аймақтық «Құнанбай қажы» мешіті асханасында  жергілікті ауыз бекіткен  жамағатқа ауызашар дастарханын жайды.

Ауызашарға  мешіт имамы Құбылайхан Митератбек бастаған дін қызметкерлері мен құрметті қонақтары, студенттер мен жергілікті жамағат қатысты. 

Алланың разылығы үшін ауыз бекіткен жандарды  аймақ басшысы  қасиетті  Рамазан айымен құттықтап, игі тілегін білдірді.  Мешіт имамы берекелі айдың қасиеті жайлы насихат айтып, осындай ауызашарды ұйымдастырған аудан басшысына Ержан алғысын жеткізіп,  жұмысына  табыс тіледі.

Ауызашар соңында Құран бағышталды. 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары