Балқаш қалалық мешітінің имамы Қалдарбеков Нұрболат Сейлханұлының ұйымдастыруымен «Рамазан - Құран айы» атты жамағат арасында Құранды хатым етуден сайыс өтті.
Шараның мақсаты жастардың құранға деген махаббатын оятып, ынталандыру.
Сайыс тартысты өтіп, алғашқы үш жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар және арнайы мадақтама тарту етілді.
Қасиетті жұма күні аймақ имамы Қалдарбеков Нұрболат Сейлханұлы жеңімпаздарды жамағат алдында марапаттап, алғысын білдірді.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер