Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Саран қаласының әкімі ауызашар берді
07 сәуір, 2023 жыл 147 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысы, Саран қаласының әкімі Темірханов Ержан Оралұлы аймақтық мешітте жергілікті ауыз бекіткен  жамағатқа ауызашар дастарханын жайды.

Ауызашарға  мешіт имамы Мухамедқали қажы Салиқов бастаған дін қызметкерлері мен құрметті қонақтары, студенттер мен жергілікті жамағат қатысты. 

Алланың разылығы үшін ауыз бекіткен жандарды  қала имамы қасиетті  Рамазан айымен құттықтап, игі тілегін білдірді. Берекелі айдың қасиеті жайлы насихат айтып, осындай ауызашарды ұйымдастырған аудан басшысы Ержан Оралұлына алғысын жеткізіп,  жұмысына  табыс тіледі.

Ауызашар соңында Құран бағышталды. 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары