Қарағанды облысына қарасты Шет ауданы, Ағадыр кенті «Иса молла» мешітінде «Тазалық – иманның жартысы» атты сенбілік жұмыстары жүргізілді.
Сенбілікте мешіт имамы Азамат Серікұлы бастаған мешіттің қызметкерлері мен жамағаты белсенділік танытып, мешіт ауласы мен айналасын қоқыстардан тазартып, көгалдандыру жұмыстарына үлес қосты.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер