«Дін мен дәстүр» бағыты аясында Қарағанды облысына қарасты Балқаш қалалық мешітінде тұсау кесу рәсімі өтті.
Ұлттық рәсім барысында мешіт имамы Қалдарбеков Нұрболат Сейлханұлы ата дәстүр салтымыздың құндылығы жайында уағыз-насихат айтып, мешітке келген қонақтарды рамазан айымен құттықтады.
Сонымен қатар, тұсауы енді кесілген балдырған үшін дұға жасап, ұзақ та баянды ғұмыр тіледі.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер