ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» және қалалық «Жақып Ақбай» мешітінің ұйымдастыруымен қаладағы «Қарағанды индустриялық университетіндегі» 700 студентке «Ауызашар қоржыны» үлестірілді.
Шараға мешіттің дін қызметкерлері мен еріктілері ат салысты. Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен жүзеге асқан шара рамазан айы бойына жалғасын табатын болады.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер