Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Бас имам «Қазыбек би» мешітінде жұма намазын өткізді
31 наурыз, 2023 жыл 288 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысының бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы қалалық  «Қазыбек би» мешітінің жамағатымен жүздесіп, жұма намазын өткізді. ⠀

«Тақуалыққа қалай қол жеткіземіз? » тақырыбында уағыз айтқан Бас имам: «Тақуалық – Алла Тағаладан ұялудан туған қасиет. Халқымыз «Ұяты жоқтың иманы жоқ», – деген. 

Тақуалық мұсылманға көрік береді. Тақуалардың тақуасы Пайғамбарымыз  (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Араларыңда ең тақуа адаммын. Сөйте тұра үйленіп, балалы-шағалы боламын. Бір күн ораза ұстасам, келесі күні аузым ашық болады», – дейді. Демек әр нәрседе орта жолды ұстануға бұйырған Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) осы тақуалықта да астамшылдыққа бармауды өсиет еткен»,-деді. 

Бас имам жұма намазынан кейін мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады. ⠀


ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз  қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары