Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мешіт кітапханасы мен Зекет қорына қолдау көрсетілді
28 наурыз, 2023 жыл 62 Басып шығару нұсқасы

    ҚМДБ-ның Төрағасы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Рамазанда мешітке кітап сыйла» қайырымдылық акциясы қолға алынған болатын.

Осы қайырымды істі жүзеге асыруды ниет еткен Байжұманов Абзал Берікұлы есімді жомарт азамат Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітіне діни кітаптар мен оқулықтар табыстады.

Жомарт азаматты «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Мирас Ерланұлы қарсы алып, кітаптарды қабылдап алды.

Сонымен қатар, «Зекет және қайырымдылық» қорының жұмысына қолдау көрсету мақсатында мүгедектерге арналған арба мен керекті жабдықтарын тарту етті. Алдағы уақытта, қорға табысталған дүниелер мұқтаж жандардың қажеттілігіне берілетін болады. 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары