Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Өнегелі әже» атты білім сайысы өткізілді
24 наурыз, 2023 жыл 107 Басып шығару нұсқасы

   «Дін мен дәстүр» бағыты аясында  Қарағанды облысына қарасты, Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінде   ақ жаулықты әжелер арасында  «Өнегелі әже» атты  интеллектуалдық білім сайысы өткізілді.

Сайыс алдында, алғашқы сөз «Қажыбай қажы» мешітінің имамы Жандос Әшімұлына беріліп, әжелерімізді наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдіруімен басталды.

Үш топтан құралған  әжелер сайысында дәстүрге қатысты сұрақтары мол "сыр сандық", "шебер қолдар", мақал - мәтелдерден және дін мен дәстүрді байланыстыра отырып, күнделікті дұғаларды айтудан өзара жарысты. 

Әділқазылар шешімімен әжелерімізге арнайы "бірінші", "екінші", "үшінші" орындар беріліп,  сыйлықтармен марапатталды. Білімімен ерекше көзге түскен әжемізге қажекей кигізілді.

Шара соңында келген қонақтармен бірге ақ дастарханда бас қосып, әжелер дайындап әкелген наурыз көжелерінен дәм татып, жастарымыз әжелердің өнегелі өсиеттерін тыңдады.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары