Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінде Золотарёв Вадим Денисович есімді өзге ұлт өкілі ислам дінін қабылдап мұсылман атанды.
Ислам дінінің ақиқаттығына көз жеткізіп, мұсылман болуға ниет еткен жанды мешіт имамы Нығыман Жандос қарсы алып, одан дінге келудегі мақсатын сұрап, Ислам діні туралы уағыз айтты.
Сонымен қатар, шынайы мұсылман болуға талпынысы бар жанға кәлима шахадатты айтқызып, Ислам дініндегі бес парызды түсіндірді.
Пікірлер