Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Наурыз - Рамазан кубогы 2023» атты спорттық сайыс өтті
23 наурыз, 2023 жыл 125 Басып шығару нұсқасы

   «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының қолдауымен Бұқар жырау ауданы, Үштөбе ауылдық "Қажыбай қажы" мешітінің ауласында "Қазақстан барысы" Ержан Шынкеев пен "Айтыстың ақтаңгері" Дидар Қамидің жүлдесіне "Наурыз Рамазан кубогы 2023" атты облыстық деңгейде командалар арасындағы спорттық сайыс өтті. 

Додада 11 команда "қамшы тастау", "кір көтеру", "қол күрес" және "арқан тарту" сайыстары бойынша бақтарын сынады. Ойындардың нәтижесінде  1 орынды  "RGB group" командасы (200 000 теңге), 2 орынды "Ақтоғай" командасы (150 000 теңге), 3 орынды Шет ауданынан келген "Жанқұтты би" командасы (100 000 теңге), 4 орынды "Жаңаарқа" командасы (50 000 т)  иеленді. Қатысқан командаларға Естай Айтуғанұлының атынан облыстық "Әнет баба" мешітінің наиб имамы Қоныскерей Хумар құттықтау сөздерін айтты. Сайыстарға бас төреші халықаралық дәрежедегі еркін күресінен спорт шебері,  Серікбай Нұрмағамбетов, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің  оқытушысы, ҚР қазақ күресінен спорт шебері Қырықбай Мускунов және Халықаралық дәрежедегі дзюдо күресінен спорт шебері  Рахат Искаков төрешілік етті. Жарыс соңында мешіттің асханасында ас берілді. "Наурыз Рамазан 2023" кубогын, қаржылай жүлделер мен медальдарды Ержан Шынкеев пен Дидар Қами жеңімпаздарға табыстады.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары